Алматыда алғаш рет Астана күніне орай түнгі веложарыс өткізілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда алғаш рет Астана күніне орай 4 мыңнан астам қала тұрғындары қатысқан түнгі веложарыс өткізілді.

Алматыда алғаш рет Астана күніне орай түнгі веложарыс өткізілді (ФОТО)

Веложарыс дәстүрлі түрде Әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталып, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені алдында аяқталды. Аталмыш шара белсенді демалысты қолдайтындар үшін аса бір қуанышты оқиға болды.

Веложарысқа Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ БАҚ өкілдері де қатысты.

- Біз осындай бәсекелерде көңіліміз көтеріліп, бір жеңілденіп қаламыз. Жаңа күш-қуат пайда болады. Әсіресе, сүйікті Астанамызға арналған аталмыш шараға атсалысқаныма өз басым өте қуаныштымын. Астаналықтарды бұл мерекемен шын жүректен құттықтаймын!",- деп өз пікірімен бөлісті журналист Айжан Құрмашева.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.