Алматыда алғаш рет Заңдық форум өтеді

МАТЫ. 19 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда қыркүйектің 15-17 арлығында алғаш рет Заңдық форум өтеді.

Алматыда алғаш рет Заңдық форум өтеді

Аталған шараны ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы және заңдылық саласындағы әлемдік жетекші Hudson Legal рекруттік агенттігі ұйымдастырады. Ал Linkage & Mind заңдылық компаниясы форумға басты серіктес ретінде қатысады.

Форумда көтерілетін басты мәселе - кәсіпкерлік кодекс, индустриалды-инновациялық қызметті қолдау, қазақстандық мазмұн, табиғатты пайдаланудағы халықаралық тендрді өткізу, Кедендік одақ шеңберінде бизнесті жүргізу, исламдық қаржыландыру және тағы басқа өзекті сұрақтар қаралмақ.

Қатысушылар арасында мұнайгаз, энергетикалық салалардағы ірі компаниялардың заңгерлері, банктік-қаржы саласының, ұлттық және халықаралық заңгерлік фирмалардың заңгер-кеңесшілері болады.