Алматыда алғашқы қар жауды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға қар жауды, қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда алғашқы қар жауды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Алматыда күндіз ауа температурасы – 1, түнде – 3 градусқа дейін төмендейді. Биыл қалаға қар былтырғыдан сәл кеш түсті – 2021 жылы алматылықтар алғашқы қарды қазан айының басында қарсы алды.

Қала билігі қар түсуіне байланысты автомобиль жүргізушілеріне дөңгелекті ауыстыруға ескерту жасады.

«Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелекке уақтылы ауыстыруды ұсынамыз. Жолда көктайғақ әрі қозғалыс бөлігінде тайғанақ қабыршықтардың пайда болуына байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттырып, кенеттен маневр жасаудан, тежегішті кілт басудан аулақ болғаны жөн»,- делінген хабарламада.