Алматыда алғашқы көпдеңгейлі паркинг осы жылдың соңында ашылуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркинг ашылады. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» шағын ауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселе көтерді. Ұлттық банк бұл нысанды қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін қала әкімі мұндай автотұрақтар аулаларды көліктерден жартылай босататынын айтқан еді.
Сондай-ақ, былтыр сәуір айында Алматыда ақылы автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылған болатын.
Фото: reatimes.vn