Алматыда алғашқы тоқсанда жұмыссыздықтың деңгейі 0,3 пайызды құрады - Ахметжан Есімов

АТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 2001 жылдың алғашқы тоқсанында қала тарихындағы ең төменгі жұмыссыздық деңгейі тіркелді.

Алматыда алғашқы тоқсанда жұмыссыздықтың деңгейі 0,3 пайызды құрады - Ахметжан Есімов

Қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымын өткен алқалы жиында осылай айтты.

«Сіздің қатысуыңызбен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мұндай жиын бұдан 2 жыл бұрын өткен болатын. Онда берілген барлық тапсырмаларыңыз түгел орындалып, бөлінген қаржы толық игерілді. Алғашқы тоқсанда өнеркәсіп өндірісі 27 пайыздан астамға өсті. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі де 21 пайызға ұлғайды. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі де 10 пайызға артты. Екінші деңгейлі банктердің несие беруі 41 пайызға өсіп, 600 милиард теңгеден асты», - деді Ахметжан Смағұлұлы Мемлекет басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Қала басшысының айтуынша, алғашқы тоқсанда Алматыда инфляция деңгейі 3,5 пайызды құрады. Инфляция деңгейін ұстап тұруда бірқатар шаралар жүргізілген еді. Атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарымен тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы меморандумдар жасалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын тауарларын жеткізу жөнінде көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдерімен де келісімдер жасалды.

«Жұмыспен қамту орталығына алғашқы тоқсанда 2300 адам хабарласты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Экономикалық белсенді халыққа шаққанда тіркелген жұмыссыздық көлемі 0,3 пайыз. Бұл бүкіл қала тарихындағы ең төменгі көрсеткіш», - дейді А. Есімов.