Алматыда алғашқы ұлттық гендерлік курсты өткізу талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік даярлық орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері мен Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Тараптар гендерлік аспектілер жөніндегі алғашқы ұлттық курсты бітімгерлік даярлау орталығының базасында өткізу жоспарларын талқылады. Кездесу барысында курстың бағдарламасы, оны өткізу мерзімі және ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралды.
Орталықтың бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин қонақтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, гендерлік аспектілер бойынша курс халықаралық әріптестерді анағұрлым қызықтырып, болашақта қазақстандық орталықты барынша білуге ықпал етеріне сенім білдірді.

Гендерлік теңдік мәселелері – жалпы БҰҰ-ның бітімгерлік қызметінің және оның ішінде ұлттық контингенттерді даярлау процесінің өзекті әрі ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасы әлемдік тенденцияларды ескере отырып, әрдайым әскери қызметші әйелдерді бітімгерлік миссияларға қатысуға жібереді.


