Алматыда алғашқы жартыжылдықта 205 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді
АЛМАТЫ. 26 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 21,4 пайызға ұлғайды. Бұл бүгін қалалық әкімдікте өткен 1-ші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған алқалы жиында айтылды.
«Жыл басынан бері 205 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. 41 пайыздық айтарлықтай жоғары өсім электр энергиясын өндіру мен бөлу, газ және әуе шартына сәйкестендіруде тіркелді», - дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының батығы Сардар Қабдулов.
Оның айтуынша, өңдеу саласындағы өсім 20 пайызды құрап отыр. Ол негізінен тамақ, киім және тігін өнімдері есебінен ұлғайды. Жалпы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан кейін қаланың әлеуметтік экономикалық дамуындағы 2010 жылдың аяқ шенінде байқалған оң өзгерістер ағымдағы жартыжылдықта өз жалғасын тапты. Алғашқы тоқсанның қорытындысына қарағанда бұл үрдіс орнықты сипат ала бастады. Негізгі капиталдағы инвестицияның көлемі 6 айда 160,9 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,4 пайызға жоғары. Іскерлік белсенділіктің өсуі мен тұтынушылық сұраныстың қалпына келуін көтерме және бөлшек тауар айналымының 23 және 7 пайызға дейін артуынан да байқауға болады.