Алматыда алғашқы жартыжылдықта индустрияландыру картасы бойынша 925 миллион теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылды

Жалпы Алматыда 28 индустриялық-инновациялық жоба бойынша жұмыстар жүруде. Олардың жалпы сомасы - 485,2 млрд. теңге. 2010 жылы жалпы құны 51,9 млрд. теңге болатын 4 жоба, ал 2011 жылы жалпы құны 171,5 млрд. теңге болатын 9 жоба жүзеге асқан болатын. 2012-2014 жылдары 52,5 млрд. теңгенің 15 жобасын іске қосу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын жобалар мынау: «GEGA» ЖШС-нің 15 миллиард 450 млн теңгенің азық-түлік логистикалық орталығын құру жобасы. «DOSFARM» ЖШС-нің 200 млн. теңгелік қолданыстағы дәрі-дәрмек құралдары өндірісін GMP халықаралық сапа стандартын енгізу мақсатындағы жаңарту жобасы. «Билнекс» ЖШС-нің 91 млн. теңгелік жиһаз өндірісін ұйымдастыру жобасы. «Оргтехстром» ЖШС-нің 1 млрд. 234 млн. теңгелік 1СС, 1АА, 1СС-TVL-M үлгісіндегі және сұйық жүк тасуға арналған контейнерлер шығару. А сыныпты стеллаж жүйесін жасау және шығару жобасы. «Қазстройтекло» ЖШС-нің 319 млн. теңгелік әйнекті өнеркәсіптік өңдеу зауыты құрылысының жобасы.