Алматыда Алмалы аудандық әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы аудандық әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жексенбі күні сағат 18.23-те Әуезов ауданы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы филиалы жалдайтын үш қабатты ғимараттың кабинеттерінің бірінде жиһаз бен терезе жақтауы өртенді. Жалын тілі 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.