Алматыда Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 15-16 шілдеде мегаполисте Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, алматылықтарға Алматы облысының фермерлері ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, сондай-ақ, ұн, жарма, өсімдік, жануар майы, басқа да өнімдердің 50-ден астам түрін ұсынады. Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна.
«Демалыс күндеріндегі» жәрмеңкелер апта сайын өтеді. Жыл басынан бері Алматы қаласында 296 жәрмеңке ұйымдастырылды. Өнімнің бағасы орташа нарықтағы есептен 15-20%-ға төмен»,- делінген хабарламада.
Ауылшаруашылық жәрмеңкесі мына мекенжайларда өтеді:
1. Алмалы ауданы (Гоголь - Масанчи көшесі);
2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» шағын ауданы);
3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесіндегі қиылысы);
4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің қиылысы және Шевченко - Қонаев көшелерінің қиылысы).
Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.