Алматыда «Алматы Тауэрс» ойын-сауық кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласында «Алматы Тауэрс» ойын-сауық кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр.
Аталған кешен - көпфункционалды нысан болып табылады. Онда келген халықтың сауда жасауына және көңіл көтеріп, демалуына бар жағдай жасалған. Алып кешенде мейрамхана, сауда және конференция өткізетін бірнеше залдар бар. Сонымен қатар жаңа үлгідегі кинотеатрмен де қамтылған. Естеріңізде болса 7-Қысқы Азия ойындары кезінде дүниенің түкір-түкпірінен келген БАҚ өкілдерінің басын қосқан баспасөз орталығы осы кешенде орналасқан болатын.
Салтанатты шара барысында тұрғындар арасында лотерея ойыны ойнатылып, қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Ресейлік әнші Алексей Чумаков өнер көрсетуде.