Алматыда «Алматыинвестқұрылыс» үлескерлері баспасөз мәслихатын өткізді

АЛМАТЫ. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыда «Алматыинвестқұрылыстың» бірқатар үлескерлері баспасөз мәслихатын өткізді,

Алматыда «Алматыинвестқұрылыс» үлескерлері баспасөз мәслихатын өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыинвестқұрылыс» басшылары үлескерлердің қаражатына әр түрлі активтерді сатып алғандығы әшкереленіп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.

«Алматыда зардап шеккен үлескерлердің мәселесін шешу үшін өкілетті орган ретінде М.Ш. Серғазин басшылық ететін «Алматы қаласы әкімшілігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» - «ПКС» құрылған болатын. Осы жерде бірқатар сауалдар туындап отыр. «ПКС» ЖШС жекеменшік компания ма, әлде мемлекеттік орган ба? Олардың қызметі пайда табу ма, әлде мемлекеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру ма?  Өйткені олар үлескерлермен жұмыс барысында айқындылық пен жариялылықты қамтамасыз етуге ынталылық танытпайды. Қала басшылығы ауызша уәде берумен ғана келеді. Аталмыш компанияға қарасты мәселе бойынша 180 үлескер зардап шеккен болатын, бірақ әкімшілік пен «ПКС» ЖШС-нің басшылығы тек 153 үлескер зардап шеккен деп танып отыр. Бізді алаңдататыны қалған 27 үлескердің жағдайы», дейді үлескер Яна Исакова.