Алматыда “Алтын күз әуендері” ән кеші өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін кешке  Алматыдағы Қазақконцерт залында "Алтын күз әуендері" деп аталатын ән кеші өтеді,

Алматыда “Алтын күз әуендері” ән кеші өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны "Қазақ әуендері" АҚ-ы мен Қазақконцерт өнер бірлестігі бірігіп ұйымдастырып отыр. Бұл шараға  Қазақконцерт бірлестігінің өнерпаздарынан  - Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Сүлеймен Ибрагимов, Майра Дәулетбақова, Сембек Жұмағалиев, Еркін Шүкіманов, Нұржан Жанпейісов, Фархат Ескенеев, Құрманбек Әлімғазыұлы, Бибігүл Қилымхан, Перизат Омарбекова және "Әлқисса" ұлт аспаптар оркестрі қатысады.

Қазақконцерт өнер   бірлестігі Жамбыл атындағы филармонияның эстрада секторы негізінде 1960 жылы құрылған болатын. Оның басты мақсаты - қазақ халқының музыка мәдениеті мен мұрасын насихаттау. Қазақконцерт  бірлестігінің  алғашқы құрамында  - Ш. Жиенқұлова, М. Ержанов, Ж. Омарова, Ж. Елебеков, Г. Баязитова, Р. Есімжанова, Ү. Тұрдықұлова, Н. Тапалова, Р. Бағланова, М. Хамзин  секілді  Қазақстанның халық әртістері өнер көрсеткен болатын.