Алматыда «Алтын Күз» бал фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қарашаның 25 - 27 -сі аралығында «Алтын Күз» бал фестивалі өтеді.
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Медеу ауданы әкімшілігінің және «Бал-Ара» қазақстан омарташыларының ұлттық одағының ұйымдастыруымен өтетін фестивальге Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан 40-қа жуық омарташылар қатысады. Әр өңір өз өнімдерін Абдуллин көшесі мен Гоголь көшесінің қиылысындағы жәрмеңкеде ұсынатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің егемендік алған жылдарындағы бал шаруашылығының жеткен жетістіктері мен табыстарын көрсету мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында өткізілмек.

Шара барысында «Қазақстан - ортақ үйіміз» атты мерекелік концерт, сән үлгілері көрсетілімі, сондай-ақ, түрлі сайыстар мен ойындар ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, фестиваль аясында «Қазақстан Республикасындағы омарташылық саласы. Қазіргі жағдайы мен дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар