Алматыда «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегерлері марапатталды

АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» жоғары жалпыұлттық журналистика сыйлығының 2013 жылы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Алматыда «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегерлері марапатталды

Оған бұл жолы Өскемендегі «Рудный Алтай» аймақтық газеті және Алматыдағы КТК телеарнасының тележурналисі Артур Платонов пен «Атамұра» корпорациясының шығармашылық ұжымы ие болды.

«Бүгінгі істеліп жатқан мәдени шаралардың бәрі Баспасөз күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қазақта: «Күш - білімде, білім - кітапта, мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деген сөз бар. Біздің әріптестеріміз еңбектерімізді ескеріп, марапаттап жатыр. Біз өз деңгейімізде атымызға сай жұмыс істейміз деп ойлаймын», - дейді «Атамұра» корпорациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахымғали Құл-Мұхаммед.

Қазақстан журналистер акдемиясының президенті Сағымбай Қозыбаевтың айтуынша, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегерлерін академияның 46 мүшесі дауыс беру арқылы анықтаған.