Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың ән кеші өтеді

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыдағы  Республика сарайында 27 сәуір күні Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Алтынбек Қоразбаевтың «Ән-жырым саған, туған жер» думанды ән кеші өтеді,

Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың ән кеші өтеді

деп жазады «Айқын газеті.

«Дәл осы концерт ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласында өткен болатын. Сол бағдарламаны елі­міздің Оңтүстік астанасында қайталау қажеттігі туып, күрделі жөндеуден кей­ін енді ғана тұтынуға берілген Рес­пуб­ли­ка сарайында беруді жөн санадық. Қазіргі таңда осы үлкен шараға қызу дайындық үстіндеміз. Бұл кештің бір ерекшелігі ретінде концертке Құрман­ғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің қатысуын атап өтер едім. Өйткені өзім осы оркестрде 42 жыл бұрын домбыра­шы болып қызмет еткенмін. Міне, осы үлкен ұжыммен бірігіп, Бағдат Сәме­динова «Сағындым Кенен атамды» әнін орындайды. Әнді оркестрге өңдеп түсірген менің ұстазым Нұрғиса Тілен­диев болатын. Бұл туынды күйшінің қолтаңбасы қалған үлкен мұра қата­рында тұр. Кеште, сонымен бірге құ­лын тайдай тел өскен досым - Қаршыға Ахмедияровқа арнаған «Қаршыға тол­ғау» деген күйім орындалады. Бұл ту­ын­ды оркестрдің орындауымен халық­қа тұңғыш рет жол тартпақшы. Бұдан басқа да көптеген әндер оркестрдің сүйемелдеуімен шырқалатын болады»,- дейді Алтынбек Қоразбаев.