Алматыда алып ағаш автокөлікті басып қалды
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда кеше кешке аса үлкен ағаштың құлауынан екі автокөлік зардап шекті, олар айтарлықтай дәрежеде жаншылып қалды.
i-News.kz хабарлағандай, кеше сағат 18.00 шамасында жергілікті уақыт бойынша көпжылдық қарағаш тұрақтағы автокөліктерді басып қалды. Subaru көлігі бәрінен де айтарлықтай жапа шеккен, көлік төбесіне құлаған ағаш оны мыжып тастаған. Екінші көлікті ағаш тек аздап жанап өтіпті.
Айта кетейік, оқиға салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ. Бұзылған Subaru автокөлігінің иесі сотқа шағымданбақшы. Оқиға орнына жақын маңда орналасқан үй иелері көпжылдық қарағаштың түбіне арыққа құйған жаңбыр суы ұзақ уақыттан бері жиналып қалғанын және ерте ме, кеш пе оның құлайтыны анық болғанын айтады.