Алматыда «Ангар» дәмханасы отқа оранды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Сайран» автовокзалы аумағындағы «Ангар» дәмханасында өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ТЖД сілтеме жасап.
Өрт туралы ақпарат 17:43-те өз көзімен көрген адамнан келіп түскен. «Алдын ала берілген дереккөздерге сүйенсек, Төле би 279 мекен-жайында орналасқан екі қабатты «Ангар» мейрамханасы өртенген. Аталған жерге барлық күштер мен құралдар жіберілген. Қазіргі таңда өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, дәмханада адамдардың бар-жоғы анықталуда. Қосымша ақпараттар кейінірек беріледі», - деп мәлімдеді Алматы қ. ТЖД өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 



