Алматыда әнші Тілеулес Құрманғалиевтің «Ойқарағай» әндер жинағы таныстырылды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда әнші Тілеулес Құрманғалиевтың «Ойқарағай» деп аталатын алғашқы ән жинағының таныстырылымы болды.

Алматыда әнші Тілеулес Құрманғалиевтің «Ойқарағай» әндер жинағы таныстырылды

"Жетісу әндері әлі толық зерттелмеген. Тіпті нотаға түскендерінің өзінде кейбір иірімдері көрініс таппайды. Бұл жағдай Кенен Әзірбаевтың әндерінде де байқалады. Әбден құлаққа сіңісті болған соң немене сендердің ноталарың  әкемнің иірімдеріне жетпей қалған ба десем бәрі күледі. Бүгін Тілеулес  ел естімеген қаншама әндерді орындап, қаншама адамның аты аталып жатыр», - деді Төрткүл Кененқызы кеше жинақтың таныстырылымы барысында.

Оның айтуынша, көптеген музыка зерттеушілері халық әндері мен халық композиторларының кейбір әндерінің авторын әлі күнге дейін шатастырып жүр. Соның бірі  - Жаяу Мұсаның "Сұрша қыз" әні. Мұндай жағдай   түрлі кештерде  де қайталануда.