Алматыда апалы-сіңлілі төртемдер мектепке барады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Айнабұлақ шағынауданында орналасқан №137 мектеп биылғы оқу жылында ерекше балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.

Алматыда апалы-сіңлілі төртемдер мектепке барады

Апалы-сіңлілі төртемдер - Нұрайша, Бегайша, Жанайша және Гүлайша мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

Ата-анасы бұл қыздарды ұзақ күтті.

«Туған кезде қыздардың салмағы 900 граммнан 1,5 келіге дейін болды. Олардың есімін атасы қойды. Алғашында бала күтімінен кішкене қиналдық, бірақ жақындарымыз қолұшын берді», - деді қыздардың әкесі Есентай Қапар.

Қазір отбасы жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде, мектеп формасы мен қажетті құралдарды сатып алды.

«Біз әлі керекті заттарды түгел алмадық, спорттық форма мен тағы да алатын дүниелер бар. Әзірге 250 мың теңгедей жараттық. Шығындарды өзіміз көтере аламыз. Қыздар бір сыныпта оқитын болады. Олар 1 қыркүйекті асыға күтіп жүр», - деді әкесі.

Оның айтуынша, тұқымдарында егіздер мен үшемдер бұрын да болған. Қыздар туылған соң, 1 жылдан кейін отбасында тағы бір қыз дүниеге келген. 

null null null