Алматыда аптап ыстық 20 шілдеге дейін сақталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Алматы қаласының 15-21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда аптап ыстық 20 шілдеге дейін сақталады

Синоптиктердің болжамынша, 15 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с .

Ауа температурасы түнде +23 +25 °С, күндіз +33+35 градусқа дейін көтеріледі.

16 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23, күндіз +31+33 ыстық болады.

17 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23 градус жылы, күндіз сынап бағансы +33+35 дейін көтеріледі.

18-19 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +25+27 градус жылы, күндіз +36+38 градус ыстық.

20 шілде: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25, күндіз +32+34 ыстық болады.

21 шілде: көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші - 3-8 м/с.

Ауа температурасы түнде + 23+25, күндіз сынап бағанасы +32+34 көрсетеді деп болжануда.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.