Алматыда аптап ыстық болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, 17 шілде күні Алматыда 36 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ыстық ауа райы өте қауіпті екенін хабарлайды. Ол әсіресе жүрек қан-тамырлары, артериалды гипертониямен ауруларымен ауыратындар үшін қауіпті, олардың инфаркт, инсульт алу қаупі бар.

Серуеннен бас тартып, белсенді қимылдамауға тырысыңыз. Артериалды гипертониямен науқас адамдар дәрігерлердің кеңестерін жіті қадағалап, қажетті дәр-дәрмектерді қабылдап жүрулері керек.

«Артериалды гипертониямен ауыратындар ұдайы артерия қысымын тексеріп жүргені дұрыс. Қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпеуі үшін далаға шықпауға кеңес береміз»,-деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.


Соңғы жаңалықтар