Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES турнирі басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаңа ғана Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жек бойынша ALEM PROMOTIONS (Қазақстан) ұйымы мен KUNLUN FIGHT (Қытай) федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирі басталды.
None
None

Аталмыш спорттық шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр. Осыған байланысты көрермендерге театрландырылған қойылым көрсетілді. Сонымен, алғашқы жекпе-жек басталды. Мұнда 57 келі салмақ дәрежесінде Алпамыс Әдиатов қытайлық Джыфа Шангпен шықты. Турнир аясында барлығы 9 жекпе-жек өткізіледі. Онда «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының сайыпқырандары Бразилия, АҚШ, Корея және Еуропа елдерінен келген сайыскерлермен кездеседі. Екі негізгі жекпе-жек 47 келі салмақ дәрежесінде Қазыбек Әшімов пен оңтүстіккореялық Ёонг Вон Сок арасында және 70 келі салмақ дәрежесінде Бейбіт Назаров пен бразилиялық Бруно Робиньоның арасында өткізіледі. Мұнда Бейбіт Назаров мен Бруно Аморим Робиньо арасындағы жекпе-жекте қытайлық KUNLUN FIGHT федерациясының нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Ал турнирдің супер жекпе-жегі 66 келі салмақ дәрежесінде Асқар Үмбетов пен Кайл Розевский (АҚШ) арасында өтеді. Қалған жекпе-жектердің реті төмендегідей: 61 келі салмақ дәрежесіде Алтынбек Бәжімов қытайлық Алатыңг Хейлимен, 72 салмақ дәрежесінде Руслан Хамзаев франциялық Абделькерим Эл-Куэдимен, 61 келі салмақ дәрежесінде Нұрберген Шәріпов қытайлық Ма Шуангпен, 77 келі салмақ дәрежесінде Бауыржан Қуанышбаев қытайлық Шуй Йугхаомен, 66 келі салмақ дәрежесіде Нұржан Тұтқаев франциялық Максим Джиаколонемен кездеседі. Турнир Алматы қаласы әкімдігінң қолдауымен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар