Алматыда «Ардагерлерге мәңгі құрмет» атты мерекелік шара өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматы қаласындағы Медеу ауданының әкімдігі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көңіл бөлу мақсатында «Ардагерлерге мәңгі құрмет» атты Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізді,

Алматыда «Ардагерлерге мәңгі құрмет» атты мерекелік шара өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген негізгі міндеттердің бірі - қарттарға қамқорлық көрсету, ҰОС ардагерлеріне көңіл бөлу болып табылады.

Аталмыш аудан әкімі жиналған жұртты Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтап, сұрапыл соғысты басынан кешірген майдан ардагерлерінің ерлігіне алғысын білдірді.

«Қазақстан жеңісті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Жүз мыңдаған біздің жерлестеріміз ордендермен, медалдармен марапатталып, бес жүз қазақстандық Кеңес Одағы Батыры атағына ие болуының өзі біздің елдің азаматтарының ол соғыста аянбай ерлік көрсеткенін білдіреді. Сондықтан біз әрқашанда ардагерлерімізге олардың ерен ерліктері мен бізге бейбіт өмір сыйлаған жеңістері үшін шексіз алғыс білдіреміз», дейді әкім.

Сонымен қатар ол9-мамырбіздің жадымыз бен және тарихымызда жауынгерлердің ерлігімен байланысты ерекше күн болып қала беретіндігін айтады. «Бұл күн - әлемді соғыстан азат еткен күн. Баршамыз үшін Жеңіс күні - халық мақтанышының шыңы, туған жерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін бірігіп күрескен ұлттар мен ұлыстардың мерекесі», дейді М. Бейдали.

Сондай-ақ жиын барысында ардагерлерге «Procter&Gamble» компаниясынан естелік сыйлықтар беріліп, соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.