Алматыда әріптесі жаралаған полицей көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда әріптесі оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрігерлер полиция қызметкерін аман алып қалуға барынша күш салды. Бірақ, өкінішке орай, жасалған отаға қарамастан, ол түнгі 22:00-де көз жұмды. Күдіктіні қалалық Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қамауға алды. Адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді  ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Еске салайық, кеше Алматыда жергілікті полиция инспекторы әріптесін қарудан жарақаттаған болатын.

Кейін қос полиция қызметкері жақын туысқандар екені анықталды.

«Олардың арасында тұрмыстық-отбасылық жағдайда келіспеушілік болған. Оқиға қалалық жергілікті полиция қызметі аумағында болған. Олар кезекшілікке түскен. Соған сәйкес қару алған. Туыстардың бірі табельдік қарудан оқ атқан», - деген болатын ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар