Алматыда әріптесін өлтірген полицейдің соты басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында өз әріптесін атып өлтірген полицейдің басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.
None
None

Сот алдында Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы инспекторы Азамат Берістемов жауап беріп жатыр. Оған ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен адам өлтірді деген айып тағылып отыр.

«Берістемов қарындасы мен күйеубаласының қатынасы дұрыс емес екенін біле тұра, гараж территориясында күйеу баласымен сөйлеспек болған. Жанжал кезінде сотталушы оны өлтіруді ойлайды. Содан кейін табельді қаруынан Сәбит Бегланұлының сол жақ самайынан атып жіберген», - деді прокурор.

Сотталушы мемлекеттік айыптаушының сөзін тыңдаған соң күйеу баласын өлтіргісі келмегенін айтты.

null Сондай-ақ, бүгін сотта оқиға орнына бірінші жеткен әріптестері Алмат Жанғазин жауап берді.

«Не болды деп сұрадым. Күйеу баламды атып тастадым деді. Не үшін екенін сұрадым. Білмеймін деді. Өзі шок жағдайында болды. Темекі шегіп тұрды. Ал Сәбит жақын маңда жатты. Ол (Беристемов) өзінің функционалдық міндеттерін түгел орындаған. Бірақ оның мінезінде тәкаппарлық бар болатын», - деді ол.null

Еске салайық, 2018 жылы қыркүйек айының соңына қарай Алматыда Жергілікті полиция инспекторы Азамат Берістемов өзінің әріптесі Сәбит Бегланұлын атып тастаған болатын. Жарақат алған Сәбит Бегланұлы сол күні, түнгі сағат 22.00-де ауруханада көз жұмды. Кейін тәртіп сақшыларының туысқандар екені анықталды. Аталған оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пікір білдірген болатын.

«Күдікті кезекшілікке келіп, қаруды қабылдаған. Кейін гараждан автокөлікті алуға шыққан кезде, ол күйеу баласымен жолыққан. Көз жұмған қызметкер кезекшілігін тапсыруға келген. Соңғы алты ай мерзімде ол отбасымен бірге тұрмаған көрінеді. Кешқұрым қызметкерлер кездесіп қалған кезде жанжал туындап, соның салдарынан біріншісі қарудан оқ атқан», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Өткен аптада сот отырысы Берістемовтің денсаулығына байланысты болмаған еді.

Соңғы жаңалықтар