Алматыда "Әрқашан күн сөнбесін" атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр,

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қаламыздың барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында "Нұр Отан" ХДП-сы мен "Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен "Әрқашан күн сөнбесін" атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Акцияда қала тұрғындарынан балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешек, ойыншық, оқу құралдары жиналады. Жиналған қажеттіліктер әр ауданның жетімдер үйіне үлестіріліп беріледі. Шараның мақсаты - жетім балаларды аялау, олардың қоғам алдындағы алатын орнын дәріптеу, алақан жылуын сездіріп, ештеңеден тайсалмай толыққанды азамат болып өсуіне жағдай жасау", дейді жобаның координаторы Нұржан Нағашбеков.

Ол сонымен қатар, "Бүгінгі таңда досынан басқа жақыны жоқ, ата-ана қамқорлығын көрмей, жетімдер үйінде телміріп өсіп, ер жетіп келе жатқан балаларымыз қаншама. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырыңда жақыныңа жәрдемдесу, айналаңа көмектесу, ұрпақ қамын ойлау - біздің парызымыз. Сондықтан, осы акцияны өткізіп жатырмыз", деп атап өтті.

Шара аясында, маусымның 1-і күні Алатау ауданындағы "Жанұя" жетімдер үйінде қайырымдылық концерт өтіп, тәрбиелік мәні бар мөлтек фильмдер көрсетілмек.

Акция мамырдың 31-не дейін өтеді.

Соңғы жаңалықтар