Алматыда «Арлан» базары өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы «Арлан» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 қаңтар күні сағат 16:55-те өрт сөндірушілер Алатау ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 92/7 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.
«Оқиға орнына 16 техника, 60-тан астам маман мен қалалық өзара іс-қимыл қызметі шықты. Алдын ала болжам бойынша, «Арлан» базарының 100 шаршы метр аумағында контейнерлер жанып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге, сондай-ақ жапсарлас контейнерлерді қорғауға өрт оқпандары енгізілді. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді, нысан токтан ажыратылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын «барахолка» базарынан өрт шыққан болатын.
Видеодан алынған кадр