13:58, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Алматыда Арман Оспанов пен Расул Мирзаев жекпе-жекке шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самбо бойынша екі дүркін әлем чемпионы, Alash Pride командасының мүшесі Арман Оспанов белгілі ресейлік спортшы Расул Мирзаевпен күш сынасады, деп хабарлады Vesti.kz.

ММА бойынша Alash Pride турнирі 4 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады деп жоспарланған. Бұл бәсекеге Ресей, Қазақстан және өзге де елдердің палуандары қатысады деп күтілуде. Турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.
Ал бастысы, қазақстандық Арман Оспанов пен ресейлік Расул Мирзаевтың жекпе-жегі болмақ. Alash Pride клубының өкілі Асхат Ерболатовтың сөзіне қарағанда, бұл кездесудің өтуіне тиісті келісім жасалған.