Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионаты өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда алғаш рет қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чемпионаттың ресми ашылуы 27 қыркүйекте Алматыда, Спорт комитетінің Оқу-жаттығу орталығында (Алматы қаласындағы бөлімі) - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық армия спорт клубында өтеді.
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Армения және Өзбекстанның үздік спортшылары ТМД чемпионы титулы үшін жарысады. 80-нен астам армия спортшысы тоғыз салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.