11:26, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда Армрестлингтен әлем чемпионаты басталды
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда Армрестлингтен XXXIII әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ұйымдастыру комитеттің баспасөз қызметі.

Осындай деңгейдегі жарыс Қазақстанда бірінші рет өткізілуде. Оған әлемнің 50-тан астам елінің 1500 спортшы қатысуда. Әлем чемпионаты 4 желтоқсанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, аталған әлем чемпионатының алдында еліміздің спортшылары Польшада әлемнің 22 елінің өкілдерінің қатысумен өткен жарыста да бақтарын сынап, жалпыкомандалық есепте 3-ші орынды иеленген. Сол жолы Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль ұтып алған болатын.