Алматыда армрестлингтен әлем чемпионаты өтеді
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында Армрестлингтен XXXIII әлем чемпионаты өтеді.
Оған әлемнің 40-тан астам елінің спортшылары қатысады. Байрақты бәсекенің салтанатты ашылу рәсімі 30 қарашаға жоспарланған.
Айта кетейік, аталған әлем чемпионатының алдында еліміздің спортшылары Польшада әлемнің 22 елінің өкілдерінің қатысумен өткен жарыста да бағын сынап, жалпыкомандалық есепті 3-ші орынды иеленген-ді. Сол жолы Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль ұтып алған болатын.