Алматыда Арт-шырша жағылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала бірлестіктерінің «Шеру кезеңі» шарасы аясында Арт-шыршаға от жағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, бұл шара Алматы әкімдігі мен Туризм және сыртқы байланыс басқармасы, FUNK креативті агентттігінің ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған бірлескен жобасы болып отыр.

Шеруді тиісті дәрежеде өткізуге бірнеше дизайнер мен театр режиссерлері жұмылдырылған.

Мәдени шара алматылықтар үшін квест, воркшоп ойындары, фуд-корт, қолөнер алаңына айналмақ.

Астана алаңында мерекенің басты шарасы - Арт-шыршаға от жағылады.

Салтанатты шеру Абай атындағы опера және балет театрынан ескі алаңдағы Панфилов көшесіне дейін жалғаспақ.

Шеруге қаланың белсенді азаматтары, ана мен бала, экология, спорт мәселелерін көтеріп жүрген азаматтар қатысады.

Жоба үйлестірушісі Алеся Ноғаеваның айтуынша, ұйымдастырушылар ең үздік костюмдерге байқау жариялаған.

Алғашқы іріктеуден өткен қатысушыларға қазылар алқасы арнайы жүлде береді.

Соңғы жаңалықтар