Алматыда арық желілері мен өткелдер тазартылуда
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қардың жаппай еруі алдында су басу қаупін болдырмас үшін арық желілері мен өткелдер тазартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматы қаласы аудандары әкімдіктерінің мердігерлік кәсіпорындары жалпы ұзындығы 1145,7 км арық желілерін және өткелдерді тазартты.
Күн сайын жұмыстарға 60-тан астам арнайы техника мен 300 қызметкер жұмылдырылады.
16 мың текше метр қоқыс пен тұнба шығарылды.
Жолдың жүріс бөлігі астында тұрмыстық қоқыстың жиналу салдарынан арықтардан жаңбыр суының сыртқа ағу жағдайлары болды.
Осыған байланысты әкімдік өкілдері нөсер суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін қала тұрғындары мен қонақтарына арық желісіне қоқыс тастамауды сұрады.
