Алматыда ашылған оқу орталығында мамандар туберкулезді емдеу әдiсі мен қағидаларын оқып, білімдерін жетілдіретін болады - Э.Сиссон
/strong>Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін біз Алматыда ашып отырған жаңа оқу орталығында осы елдің мамандары туберкулезді емдеу әдiсі мен қағидаларын оқып, білімдерін жетілдіретін болады. Бұл жайында бүгін АҚШ дамыту агенттігінің (USAID) директоры Эндрю Сиссон оқу орталығының ашылу салтанатында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Э.Сиссон ашылған орталыққа көңілі толатындығын және аталмыш індетке қарсы күресте Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеп жатқандығына ризашылығын білдірді. «Туберкулез ауруының тарауына қарсы жасалып отырған бұл маңызды қадам, тек осы елге ғана емес бүкіл әлемге де қатысы бар деп білемін. Қазіргі таңда бұл ауруды таратпау үшін барлық елдер бірлесе жұмыс істеуі қажет», дейді директор.
Сонымен қатар ол АҚШ үкіметі арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туберкулез мәселелері ұлттық орталығымен әріптестік құрып, аталмыш орталықты құрғандығына қуанышты екендігін жеткізді. «USAID аталмыш орталыққа әдістемелік-оқу құралдарын, жиһаз, компьютерлік және тағы басқа да құралдарды алып беруге көмектесті. Осы орталық қазақстандық мамандардың елдегі туберкулез індетіне қарсы күресінде тиімді жұмыс атқарады деп үміттенемін», деді Э.Сиссон өз сөзінде.