Алматыда Ashyq жобасына қосылған кафе-дәмханалардың жұмыс уақыты өзгерді
Оның айтуынша, бүгінгі күні қалада 665 шағын орта бизнес нысаны Ashyq пилоттық жобасына қосылған.
«6 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында 655 қатысушы бар. Фитнес-клубтар және спорттық-сауықтыру кешендері – 125, спа-орталықтары – 40, бассейндер – 23, боулинг орталықтары – 5, бильярд клубтары – 11, компьютерлік клубтар – 50, сауналар мен моншалар – 106, қоғамдық тамақтану нысандары – 266, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары – 266», - деді Айтуар Қошмамбетов.
Ashyq жобасының арқасында жұмыс күндері 200, ал демалыс күндері КВИ жұқтырған 900-ге жуық адам анықталды.
«Жұмыс уақытындағы адам санының аз-көптігіне байланысты алгоритм қайта қаралды. Бірқатар жеңілдік бар. Спорт кешендері, йога орталықтары үшін уақыт шектеусіз. Концерт залдарының сыйымдылығы 50 пайызға дейін артты.Таңертеңгі 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін кафе мен караоке жұмысына рұқсат етіледі. Залда 30 адамға дейін және банкет залдарында 50 адамға дейін рұқсат етілді», - деді спикер.
Сонымен қатар, ол 5 мамырдан бастап банкет залдары мен караоке-клубтар «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс бастағанын тілге тиек етті.
Еске сала кетейік, Ashyq - келушілерді қоғамдық орында тіркеуге арналған қосымша.
Мемлекеттік және қоғамдық орындарға кірер алдында қолданушы арнайы QR кодын сканерлеп, кіреберісте әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды.