Алматыда Асқар Қонаевтың 80 жылдығына арналған конференция өтті

          АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда қорғасынның кенді және қайталама шикізатын кешенді өңдеудің ғылыми және технологиялық негіздері Асқар Қонавтың басшылығымен жүзеге асты. Бұл бүгін Алматыда  Асқар Қонаевтың туғанына 80 жыл толуына  арналған  конференцияда айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

           Қазақстан мен Ресей Ғылым академияларының академигі және  КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының иегері  Асқар Меңдіахметұлы Қонаев көзі тірі болғанда бүгін 80 жасқа толар еді. Ғалымның замандастары мен шәкірттерінің айтуынша, А. Қонаевтың ғылыми басшылығымен Металлургия және кен байту институтында жаңа ғылыми бағыт - металлургия және химия өндірісінің теңгермелі кендері мен өндірістік өнімдерін кешенді түрде қайта өңдеудің физика-химиялық негіздері мен технологиясы жүзеге асырылды.  ҚР ҰҒА академигі Сұлтанбек Қожахметовтің айтуынша,  кешенді құраушыларды қолдану арқылы металлургиялық жартылай шикізаттарды өңдеудің мүлдем жаңа электротермиялық тәсілдері дайындалып өндіріске енгізілді. Бұл үшін оған Қазақ КСР-нің ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал мыс, қорғасын және  мырышты  оларды  құраушы бағалы металдармен кешенді түрде өндірудің кивцэттік технологиясын және қоршаған ортаны қорғау жүйесін дайындап, игергені үшін 1978 жылы КСРО-ның ғылым мен техника саласындағы  Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның жетекшілігімен сирек және қара металдардың физика-химиялық негіздері мен технологиясының көкейкесті бағыттары бойынша 11 докторлық және 50-ден астамкандидаттық диссертациялар қорғалды.

Соңғы жаңалықтар