Алматыда әскери бөлім командирінің орынбасары парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті ҚР Қорғаныс министрлігі 64615 ә/б командирінің орынбасары подполковник Т. Жақсыбаев ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда әскери бөлім командирінің орынбасары парамен ұсталды

Белгілі болғандай, Т.Жақсыбаев алдын ала келісім бойынша бір топ адаммен қызметінде «қамқорлық» жасау үшін әскериден 300 000  теңге көлемінде пара алған.

Қазір Т.Жақсыбаев Іле аудандық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.