Алматыда Әскери инженерлік институт курсанттары ант берді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -  Бүгін Байланыс және радиоэлектроника Әскери инженерлік институтының бірінші курс курсанттары ант қабылдады,

Алматыда Әскери инженерлік институт курсанттары ант берді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсімге  оқу орнының әскер басшылары, қоғам қайраткерлері, ҚР қарулы күш ардагерлері, дін өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған осы оқу орнының басшысы, генерал-майор Еділ Оразов «Ата заңымыз - еліміздің негізгі заңына сәйкес,  Қазақстан Республикасын қорғау біздің қасиетті борышымыз және осы елде тұратын әр азаматтың міндеті», деп атап өтті.

Генерал жоғары әскери - оқу орнының курсанттарының алдында, Елбасы, ҚР Жоғарғы  Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әскери оқу орнының әр курсанты еркін және сауатты ойлай білуі қажет, мемлекеттік тілді, шет ел тілін терең меңгере білулері керек, компьютерлік техниканы жақсы білуі қажет» деген сөзін  еске салды.

«Біздің оқу орнына түскендерің - «Офицер» боламын деген армандарыңның алғашқы сатысы. Сол арманға жету үшін ауыр да, қызықты 5 жылда, әскери қызметтің жұмысымен таныса аласыңдар. Таңдап алған мамандықтарыңның иесі болу үшін, оқуға ден қойып, ақылдарың мен қабілеттеріңді, күш-қайраттарыңды жұмсауларың қажет», деді генерал-майор Еділ Оразов.