Алматыда әскери қызметкердің үйінен жарылғыш зат пен түтіндеткіш құрал тәркіленді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыда әскери бөлімше взводының 26 жасар командирі көппәтерлі үйдегі пәтеріне жарылғыш граната мен түтіндеткіш құралды жасырған,

Алматыда әскери қызметкердің үйінен жарылғыш зат пен түтіндеткіш құрал тәркіленді

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің айтуынша, бұл құралдарды кезекті оқу-жаттығу кезінде тауып алған. Әзірге оның қандай мақсатта бұл қаруды өзінде сақтағандығы белгісіз.

« Бұл әскери қызметкердің тұрып жатқан үйі көппәтерлі, сонымен қатар онымен бірге басқа да адамдар тұрып жатқан, олардың жарылғыш затты іске қосып жіберуі әбден мүмкін еді. Абырой болғанда, оқиға төтенше жағдайсыз шешілді. Жарылғыш затты заңсыз сақтап отыр деген жедел ақпаратты алысымен күдіктіні бірден ұстап, қаруды алдық», дейді Бостандық аудандық ІІБ бастығы, полковник Иманғали Мақышев.

Бұл арнайы операция республикалық «Қару» жедел алдын алу шарасы аясында іске асып отыр. Бар- жоғы үш күннің ішінде 35 заңсыз қару сақтау тіркелген, 300-ге жуық оқ тәркіленген. Сонымен бірге, тіркеуде тұрған 10 мың қару иесі тексеруден өтіп, оқ- дәрімен атылатын қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған 345 оқиға тіркелген.

«Аталмыш шара жағдайдың жедел алдын алуға, оқ- дәрілі қару мен жарылғыш заттар бойынша жасалатын қылмысты ашу мен оны болдырмауға ескерту жасау мақсатында жүргізіліп отыр. Бұл еліміз бен қаладағы криминалды жағдайдың төмендеуіне әкелуде. Заңсыз қаруды өз еркімен әкеліп тапсырғандар қылмыстық жауапқа тартылмайтындығын ескерте кеткім келеді», дейді Алматы қаласы ІІБ лицензиялық-рұқсат жүйесінің басқарма бастығы Ерлан Мейманқұлов.