Алматыда әскери-патриоттық шара өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда «Отан қорғау – осындай мамандық бар» атты әскери-патриоттық шара болды. Бұл шара ҚР Қарулы Күштерінің әскери мамандақтары мен қызметтерін насихаттауға арналып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шараны әскери жоғары оқу орындарының қатысуымен Алматы әкімдігі ұйымдастырды. Акцияның ашылуында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың айтуынша, мемлекет өскелең ұрпақтың тек азаматтық білім ғана емес, сондай-ақ әскери де білім алуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасап отыр. Өз кезегінде, отставкадағы полковник, Ресей ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Ким Серікбаев әр түрлі кезеңдерде қолына қару алып, Отанды қорғауға атсалысқан ардагерлерді үнемі естен шығармаудың аса маңызды екендігін атап өтті. «Бүгінгі акция жас буынды ержүректікке, ерлікке және отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін маңызды шара болып табылады», деді ол. Салтанатты шараны ҚР Қорғаныс министрлігінің үрмелі аспаптар оркестрі ашты. Сондай-ақ республикалық гвардия жауынгерлері мен аэроұтқыр әскер десантшыларының өнерлері тамашаланды.
Соңғы жаңалықтар