Алматыда әскери шеру өтеді

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - 7 амыр күні сағат10:00-де Отан қорғаушы күні мен ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына арналған Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Алматыда әскери шеру өтеді

Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматының өңірлік гарнизоны, Қазақстан Республикасының генералдар кеңесі, Ауған соғысының ардагерлері, саяси партиялар мен ҮЕҰ-дар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталған соң Алматы өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің плац-шеруі мен түрлі әскери бөлімдер өкілдерінің салтанатты шеру болады.

Бұл ақпарат «Алаш айнасы» газетінің сенбілік санында жарық көрді.