Алматыда Астана күні қалай тойланады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 6 шілде күні Абай алаңында сағат 20:00-де Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сахнада Луина, Ziruza, Akim, Kyle Ruh, Bonapart, C.C.Tay, Malika Yes, Aya Funk, Rin'Go, «Жігіттер», «Бақай» тобы өнер көрсетеді. Елорда күнін тойлау аясында қалада флешмобтар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, дәрістер, экспозициялар мен поэзия кештері өтеді.

4 шілде күні, сағат 19:00-де Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында Made in KZ тобының қатысуымен «Асқақтай бер, Астана» концерті болады.

5 шілде күні, сағат 14.00-де Alatau Creative Hub-та «Жарқырап, жайнай бер, Астана!» кітап көрмесі мен балаларға арналған зияткерлік ойын өтеді. Бұған қоса, мерекелік іс-шара қаланың барлық ауданында өтеді.

Наурызбай ауданында 5 шілде сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы, Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайында мерекелік концерт өтеді.

Алатау ауданында 5 шілдеде, сағат 17:00-де концерт өтеді. Өтетін орны:Атлетикалық ауыл, Нұркент шағын ауданы 5/2;

Түрксіб ауданында Елорда күніне орай эстрада жұлдыздары менкөркемөнер ұжымдарының қатысуымен 5 шілде күні сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта мерекелік іс-шара өтеді. Сағат 20:30-да ашық аспан астында фильм көрсетіледі.

Әуезов ауданында Астана күнін тойлауға арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 11:00-де «Family» саябағында өтеді.

Медеу ауданында Елорда күніне орай шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт 6 шілде күні сағат 11:00-де Гоголь көшесі, 1мекенжайындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.

Алмалы ауданында Астана күніне арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 17:00-де «MEGA Park» СОО аумағында өтеді.

Бостандық ауданында мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 18:00-де Mega CenterAlma-Ata СОО амфитеатрында өтеді.


Соңғы жаңалықтар