13:01, 04 Шілде 2009 | GMT +5
Алматыда Астана күніне арналған мерекелік шара өтеді
АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат/Ербол Азанбек/ - Шілденің 6-да Астана күніне орай Алматыда ««MEGA-бауырсақ» мерекелік шарасы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат MEGA ойын-сауық орталығына сілтеме жасап.
Шара барысында ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда таңғы сағат 10-нан кешкі 18-ге дейін барлық қонақтарға бауырсақ таратылып, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.Шараны MEGA ойын-сауық орталығы «Астық индустриясы»ЖШС-ның қолдауымен өткізбек.Осындай шаралар Астана мен Шымкент қалаларында орналасқан «MEGA Astana» және «MEGA Shymkent» сауда орталықтарында да өткізілмек.