Алматыда асыл тұқымды сәйгүліктердің көрмесі өз жұмысын бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Chamberlain» жылқы клубында «KazEqui-2017» асыл тұқымды жылқылардың екінші халықаралық шоу көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Үш күн бойы өтетін көрменің бүгінгі алғашқы күнінде асыл тұқымды жылқылар таныстырылып, арнайы сахналандырылған қойылым көрсетілді.
null

Нақтырақ айтқанда, түркі халықтары мен үндістердің аңызындағы кейіпкерлер мен арғымақтар көрермен көзаймына айналды. Қойылымның режисері - Ресейден келген «Natural Horsemanship» шебері Алексей Берков.

Жиында ең кішкентай пони де көрсетілді. «Гуливер» атты понидің қазіргі уақыттағы бойы бар-жоғы 45-ақ сантиметр.
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «KazEqui-2017» жылқылар көрмесін өткізуге биыл Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Іскерлік кеңесі мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Еуразия әйелдерінің альянсы қолдау білдірген.
null

Шараның ашылуында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігіндегі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай құттықтау сөз сөйлеп, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Біз шараны жыл сайын ұйымдастырып тұруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан жылқыны ерте ғасырларда тізгендей білген ел саналады, сондықтан болар шараға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді», - деді «Chamberlain» клубының жетекшісі Марина Буканова.

Айта кетейік, жылқылар шоуы алдағы сенбі, жексенбі күндері жалғасады. Бұл күндері алматылықтар мен қала қонақтары араб сәйгүліктерінің жарысын тамашалай алады. Жеңімпаз таза тұқымды араб жылқысының құлынын алады.

null

Шоуға шетелден келген сарапшылар қазылық етеді. Нақтырақ айтқанда, олар: Ирина Стиглер (Италия), Ян Калис (Голландия), Игорь Бочкарёв (Ресей), Нұрлан Тілеулесов (Қазақстан).
nullnullnull

nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар