Алматыда атақты опера әншісі Е.Серкебаевты еске түсіруге арналған өнер фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 4-7 маусым аралығында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында атақты опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевты еске түсіруге арналған өнер фестивалі өтеді.
None
None

Бұл туралы театрдың Instagram-дағы парақшасында айтылды.

Бүкіл әлемге әйгілі композицияларды Алматы әкімінің концерттік оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижер, ҚР халық әртісі Мұрат Серкебаев орындайды.

Фестивальге КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Днішев, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жәния Әубәкірова, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева мен Жәмилә Баспақова, «Астана Опера» театры мен Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері қатысады. Сонымен қатар Ресей мен Башқұртстаннан әншілер шақырылды.

Фестивальде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», П.Чайковскийдің «Аққу көлі», Г.Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» опералары қойылады.

Ермек Серкебаев - әйгілі опералық және камералық әнші, педагог, КСРО халық әртісі, ҚазКСР халық әртісі, профессор, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері. 2013 жылы 16 қарашада Алматыда дүниеден озды.

Соңғы жаңалықтар