Алматыда атаулы әлеуметтік көмекке 4,6 млрд теңге бөлінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда атаулы әлеуметтік көмекке 4,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикердің сөзінше, Алматыда атаулы әлеуметтік көмек 48 мыңнан астам адамға тағайындалды, оның ішінде 37 мыңнан астамы төлем алды. Осы мақсаттарға 4,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді Кедейлік шегін тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгілейді.
Алматы қаласында 2023 жылдың 3 тоқсанындағы кедейлік шегі 34 929 теңге болған. АӘК-ке үміткер тұлғалар консультация алу үшін және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтерді ұсынылу шарттары туралы акпарат алуға, тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша Мансап орталығының қызметкерлеріне жүгіне алады немесе онлайн өтініш беруіне болады.
«Үміткерлер өтініш беру үшін, тұрғылықты мекенжайға тұрақты немесе уақытша тіркелу қажет және уақытша тіркелген жағдайда АӘК -ке 6 ай өткен соң ғана өтініш бере алады. Мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған және цифрландырылған. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қолма-қол өткізу талап етілмейді. АӘК тағайындау үшін үміткерлерге тоқсан сайын өтініш беруі қажет», - деп түсіндірді Алматы қаласы Мансап орталығының жетекшісі Әділет Жаңабаев.