Алматыда AUA мобильдік қосымшасы жаңарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар AUA мобильді қосымшасынан ауаның қаншалықты лас екендігін көре алады. Қазір қосымшаның жаңа нұсқасы пайда болды. Енді қала тұрғындары бұрынғыдан да толығырақ ақпаратты қабылдай алады. Жаңа қосымшаны AppStore және GooglePlay функцияларынан жүктеуге болады.

Алматыда AUA мобильдік қосымшасы жаңарды

Айта кету керек, құрылғы Төле би - Амангелді көшелерінің қиылысында орналасқан.

«ВАМ-1020» шаңөлшегіші енді ауадағы мүлде ұсақ заттарды анықтай алады.  Сондай-ақ, зиянды бөлшектер концентрациясы микрограмм емес, миллиграммен есептелетін болды.

Айта кету керек, қауіпсіз шекті белгі 0,035 мг/ м3. Осыдан асқан жағдайда шаң көлемі адам ағзасына залалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қарашасында  CommonSense қоры AUA құрылғысын орнатқан болатын. Алғаш кезде қосымшаны 10 мыңнан аса тұрғын жүктеп алған.