Алматыда ауа райының тұрақсыздығына байланысты тағы да ескерту жарияланды

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат -2-4 наурыз күндері аралығында қар жамылғысының қалың әрі тұрақсыз жағдайына байланысты Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіндері түсуі мүмкін.
None
None

Қазгидрометтің бұл ескертуін Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратты.

ТЖД қала тұрғындары мен туристерден таулы аумақтарға серуендеуден және саяхаттаудан бас тартуды сұрап отыр. Төтенше жағдай болған не оның қаупі туындаған жағдайда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 274 22 19, 101, 112, 109 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар