Алматыда ауа райының жауын-шашынды болуы 22 маусымға дейін жалғасады - Қазгидромет
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 16-17 маусым аралығында тағы да нөсер жауын болады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, мұндай ауа райы 22 маусымға дейін созылады.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 18 маусымда Алматыда өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +15... +17, ал күндіз +25...+27 градус ыстық болады.
19-20 маусым аралығында да өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +15... +17, күндіз +25... +27 градусты көрсетеді.
Ал 21 маусымда ауа температурасы төмендейді, түнде +13... +15, күндіз +21... +23 градус болады.
23 маусымнан кейін ауа райы ашық болады деп күтілуде.